Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет ел аумағында 2 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

тұман
Фото: Pexels

Дерекке қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

- ҚР оңтүстігінде жауын-шашын, жаңбыр және қар жауады. Республика бойынша тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында - көктайғақ, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында – жаяу бұрқасын, батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында – желдің күшеюі күтіледі, - деп жазды синоптиктер.

Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет Қазақстанның 16 облысында және Астанада дауылды ескерту жариялағанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар