Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түсуі мүмкін. Кей өңірлерде қатты жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Аптап ыстық біраз облыстарда сақталады. Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +24...+26°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +23...+25°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Еске сала кетейік, 3 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.