06:00, 16 Сәуір 2024 | GMT +5
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады - Қазгидромет
АСТАНА.KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 16-сы күгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясында жаңбырлы және желді ауа райын сақтайтын болады.
Осы күні еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады.