Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Синоптиктер Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын болатынын болжап, бірнеше өңірде желдің күшеюі мен таңертең тұман түсуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды. Ең қатты жауын-шашын Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында күтіледі. Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында әлсіз жаңбыр жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында және Алматы облысында желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Таңертең Қостанай және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу және Алматы облыстарының таулы аймақтарында тұман түсуі мүмкін.
Айта кетейік, бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды.