Елордада бінеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — № 32, 65, 507 бағдарларының қозғалыс маршруты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.

Бүгін елордада бінеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов

Бүгін сондай-ақ № 21, 82, 84 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.

Еске сала кетейік, елорда қонақтарына қоғамдық көлікті пайдалану бұрынғыдан да жеңілдей түсті. Астана халықаралық әуежайында қала ішінде қатынауға арналған туристік көлік карталары қолжетімді болды.

Астанада көше қиылыстарындағы ақаулы асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы уақытша толық жабылады.

Шектеулер келесі көшелерде қолданылады:

— Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Қуанышбаев көшесі — 10 маусым сағат 21:00–ден 11 маусым сағат 07:00–ге дейін;
— Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Аманжолов көшесі — 12 маусым сағат 21:00–ден 13 маусым сағат 07:00–ге дейін;
— Ж. Нәжімеденов көшесі/С. Нұрмағамбетов көшесі — 13 маусым сағат 21:00–ден 14 маусым сағат 07:00–ге дейін;
— С. Нұрмағамбетов көшесі/А. Байтұрсынов көшесі — 14 маусым сағат 21:00–ден 15 маусым сағат 07:00–ге дейін.