Бүгін Еуропа лигасының жартылай финалына кімдер шығады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін UEFA Еуропа лигасы ¼ финалының алғашқы алғашқы ойындары өтеді.
Жарыстың бұл сатысында «Болонья», «Астон Вилла», «Порту», «Ноттингем Форест», «Фрайбург», «Сельта», «Брага» және «Бетис» командалары сынға түседі.
Сегіз команда төрт жұп бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз команда ½ финалға жолдама алады.
«Астон Вилла» (Англия) — «Болонья» (Италия) (бірінші ойын 3:1)
«Ноттингем Форест» (Англия) — «Порту» (Португалия) (1:1)
«Сельта» (Испания) — «Фрайбург» (Германия) (0:3)
«Бетис» (Испания) — «Брага» (Португалия) (1:1)
Бұл ойындар арасынан «Ноттингем Форест» мен «Порту» кездесуі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде басталады.
Енді жартылай финал 30 сәуір және 7 мамыр күндері өткізіледі.
Финал 20 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өткізіледі.
Еуропа лигасы қазіргі атауымен 2008 жылдан бері ұйымдастырылып отыр. Бүгінге дейін олардың арасынан испаниялық «Севилья» 7 мәрте (2006, 2007, 2014, 2015, 2016, 2020, 2023) жеңіс тұғырына көтерілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында жартылай финалға жолдама алған командалар анықталды.