15:00, 13 Шілде 2024 | GMT +5
Бүгін грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды
АСТАНА. KAZINFORM — Ғылым және жоғары білім министрлігі бүгін грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталғанын мәлімдеді.

Бүгін еліміз бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 24 шілдеге дейін жүргізіледі.
«Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды қабылдау кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады», — деп түсіндірді ведомстводан.