Бүгін хоккейден әлем чемпионатының бесінші ойын күні өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионатының бесінші ойын күні, 19 мамырда төрт кездесу өткізіледі.

хоккей
Фото: iihf.com

Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген.

А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.

Бүгін, 19 мамырда төрт ойын өткізіледі.

Ойындар күнтізбесі

19:20. Италия - Норвегия

19:20. Латвия - Аустрия

23:20. Аустрия - Венгрия

23:20. Дания - Швеция.

Айта кетсек, 18 мамырда төрт ойын өтті. Онда Канада, Финляндия, Швейцария, Чехия құрамалары жеңіске жетті.

Ойындар нәтижесі

18 мамыр

Канада - Дания 5:1

Финляндия - АҚШ 6:2

Германия - Швейцария 1:6

Швеция - Чехия 3:4.

Қазір А тобында Финляндия мен Швейцария 9 ұпаймен көш бастап тұрса, Аустрия - 6, Латвия мен АҚШ - 3 ұпай еншілесе, Мажарстан, Ұлыбритания, Германияның ұпай қоржыны бос.

Ал В тобында Канада 9 ұпаймен көш бастап тұрса, Чехия - 7, Словакия - 6 , Норвегия мен Швеция -3, Словения - 2 ұпайға ие болса, Италия мен Дания әлі ұпайға қол жеткізген жоқ.

16 мамырда өткен ойындарда Канада - 28, Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.

Айта кетсек, биыл Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға жолдама алды.