Бүгін Қарулы күштерде инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні аталып өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — 21 мамыр — Әуе қорғанысы күштерін инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету мамандарының кәсіби мерекесі. Техниканың жарамдылығы мен елдің әуе шебін қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығы осы сала мамандарының қолында. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

Бүгін Қарулы күштерде инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні аталып өтеді
Фото: Қорғаныс министрлігі

— Қазақстан Қарулы күштерін инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы 1993 жылы басталды. Күрделі жағдайлар мен ресурстардың тапшылығына қарамастан, инженерлік-техникалық құрам авиацияның жауынгерлік қабілетін сақтап, оны одан әрі дамытудың негізі болды, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда бұл қызметтің мамандары ұшақтар мен тікұшақтарды сенімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Диагностика жүргізіп, жабдықты баптайды және әуе кемелерін ұшуға дайындайды. Әр ұшудың артында инженерлердің, техниктер мен механиктердің кәсіби, үйлесімді және жауапты жұмысы тұр.

Бүгін Қарулы күштерде инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні аталып өтеді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери авиация мамандары тәулік бойы елдің әуе кеңістігін күзету бойынша ұшулардың орындалуын және жауынгерлік кезекшіліктің өтуін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, олар авиациялық паркті жаңғыртуға, заманауи технологияларды енгізуге және жас кадрларды оқытуға атсалысады.

Бүгін Қарулы күштерде инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні аталып өтеді
Фото: Қорғаныс министрлігі

— Осы бейіндегі мамандарды даярлау Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде және шетелдік әскери оқу орындарында жүзеге асырылады, — деп хабарлады министрліктен.

Биыл заманауи қазақ әскерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бөлімшелері құрылғанына 33 жыл толуын атап өтуде. Олардың күнделікті еңбегі, жоғары кәсібилігі мен іске деген адалдығы авиацияның жауынгерлік әзірлігін нығайтып, әуе кеңістігінің қауіпсіздігі мен ел аспанының тыныштығын қамтамасыз ететін сенімді тірек болып табылады.

Еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде Әуе қорғанысы күштерінің орны ерек. Бүгінде Қазақстанның әскери авиациясы құрамында әртүрлі әуе көліктері бар. Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.