Бүгін Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 19-ы күні күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

қар жаңбыр күз
Фото: Pixabay

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Жауын, қар араласы жаңбыр жауып, көктайғақ болады, еліміздің солтүстігінде бұрқасын болады.

Ал республиканың батыс бөлігінде Солтүстік-батыс антициклонның ықпалымен үн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса өте қатты жел күтіледі.