10:01, 19 Маусым 2024 | GMT +5
Бүгін Қазақстан футбол кубогы жартылай финал ойындары өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалдың қарымта ойындары өткізіледі.

Алдымен 18.00-де «Атырау» мен «Тобыл» кездессе, 20.00-де «Елімай» мен «Ақтөбе» шеберлік байқасады.
Алғашқы ойында «Тобыл» мен «Атырауды», «Ақтөбе» «Елімайды» 2:0 есебімен жеңді.
Финал 29 қыркүйекке белгіленген.
Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді.
Ал, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» — 3, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) — 2, «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе», «Алматы», «Тобыл» (Қостанай), «Достық» (Алматы), «Елімай» (Семей) — 1 мәртеден кубок иегері атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Рамазан Оразов даниялық «Силькеборг» ойыншысы атанды.