Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 6 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен жолдастық матч өткізеді.

в
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Кездесу ел астанасы - Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 19:00-да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін екі құрама сегіз мәрте кездескен еді. Алтауында армениялық футболшылар жеңіске жетіп, бір кездесу тең аяқталса, біреуінде отандастарымыз басым түсті.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).

Отандастарымыз бұдан кейін 9 маусымда Мажарстанмен сырт алаңда жолдастық кездесу өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» мен «Елімайдың» Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды.