Бүгін қазақстандық екі боксшы Азия ойындары финалында сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы Азия ойындары финалында бүгін, 2 қазанда қазақстандық екі боксшы сынға түседі.

Бүгін қазақстандық екі боксшы Азия ойындары финалында сынға түседі
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ел құрамасынан бүгін Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай шаршы алаңға шығады. 29 қыркүйекте Төрехан өзбекстандық Шавкатжон Болтоевты қапы қалдырса, Айбек Оралбай үндістандық Нарендерді 5:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

2 қазан

10:00. 70 келі. Төрехан Сабырхан — Зейад Ишаиш (Иордания)
14:30. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай -Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).

Ал ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі), наталья Богданова (75 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі) қола жүлдегер атанды.

Қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған еді.