Бүгін Қазақстанның 4 қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Kazinform  «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

ауа ластанады
Фото: ҚазАқпарат/ Виктор Федюнин

«2023 жылғы 13 қазанда Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.