Бүгін Қазақстанның 5 қаласына ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

ауа сапасы
Фото: ҚазАқпарат

«2023 жылғы 12 қазанда Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау және Риддер қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.