07:32, 03 Ақпан 2024 | GMT +5
Бүгін Қазақстанның барлық аумағында жел күшейіп, тұман түседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет ел аумағында 3 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Қар жауып, бұрқасын күтіледі, батысымызда жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын түседі. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман сақталады, батыста көктайғақ болады», — деп жазды ведомстводан.