Бүгін Қазақстанның барлық аймағында жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 21 қаңтарда ел аумағында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

СҚО-да көктайғақ
Фото: Анастасия Дроняк

Дерекке қарағанда, арктикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде қардың түсуіне өз әсерін тигізеді.

- Республика бойынша желдің күшеюі, тұман мен көктайғақ күтілуде, - деп жазды синоптиктер.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында қалың қар түседі.

Айта кетейік, кеше ауа райының күрт нашарлауына байланысты бес облыста жол жабылды.

Соңғы жаңалықтар