Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанға жаңбыр мен дымқыл қар келеді: бүгін қай қалаларда күн суытады
Фото: Kazinform\ЖИ

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс пен оңтүстік өңірлерде жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнауы мүмкін.

Тек елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Осыған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай болатынын ескерткен болатын.