Бүгін көрнекті жазушы Бекежан Тілегеновтің туғанына 90 жыл толды

Бекежан Тілегенов
Фото: Әдебиет порталы

АСТАНА. KAZINFORM – Қаламгер «Лениншіл жас» газетінің редакциясында жұмыс істеген.

1975 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды.

Бекежан Исағалиұлының алғашқы кітабы - «Таң нұры» әңгімелер жинағы 1965 жылы жарияланды. Кейін «Көктемде ызғарлы», «Көктем қайталанады ма?», «Ақ қайнар» және «Уақыт» романдары, «Олар жазда кездесті» повесі және тағы басқа шығармалары жарық көрді.

Жазушы Х. Назиридің «Көкарал шамдары» повесін, Д. Сивцев-Омоллонның әңгімелер жинағын қазақ тіліне аударды.

Соңғы жаңалықтар