Бүгін күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесі басталды

мешіт
Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесі басталды.

«Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. 7 маусымда һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні», - деп түсіндірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Мереке кезінде Құрбан айт намазы оқылады, әр өңірде намаз оқудың бекітілген уақыты бар.

Аталған мерекеге тән міндет – Құрбан шалу. Құрбандыққа мал шалып, мұқтаж жандарға тарату, аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс. Сондай-ақ, мұсылмандар құлшылық етіп, көбірек жақсы амалдар жасауға тырысқаны жөн.

Айта кетейік, Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайты іске қосылды.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram