Бүгін күн суытады, кей өңірлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді

АСТАНА. KAZINFORM – 25 қыркүйекте Астана қаласы мен Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі
Фото: Pexels

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 1 градус үсік жүруі мүмкін. 

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында кей уақытта 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. 

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. 

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. 

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.