Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні

СГО РК
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік маңызы бар тұлғалар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік күзет қызметі күні 2014 жылдан бері аталып келеді.

ҚР МҚК негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін лауазымды адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

күзетілетін нысандардағы және күзетілетін тұлғалар келетін тұратын жерлердегі мүлікті қорғау,

қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;

объектілерді және қорғалатын тұлғаларға төнетін қауіптерді анықтап, бейтараптандыру;

терроризмге қарсы іс-қимыл;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорғау.

Соңғы жаңалықтар