Бүгін мергендеріміз Олимпиада жолдамасына таласады

Бүгін Кувейт астанасында стенд атудан Париж Олимпиадасына жолдама сарапқа салынатын Азия чемпионатының алауы тұтанады, деп хабарлайды Kazinform. 

Бүгін мергендеріміз Олимпиада жолдамасына таласады
Фото: olympic.kz

Бүгін, яғни, 12 қаңдарта бастау алған Сарықұрлық додасы 22 қаңтарға дейін жалғасады. Аталған біріншілікте Париж Олимпиадасының 8 лицензиясы сарапқа салынады. Яғни, әр жаттығу түрінде екі жолдамадан беріледі. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы да бақ сынап, Олимпиада жолдамасына таласады.

Скит бағдарламасы: Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко, Эдуард Ещенко, Александр Ещенко, Александр Мухамедалиев, Илья Пенков, Максим Почивалов, Ратмир Еникеев;

Трап бағдарламасы: Айжан Досмағамбетова, Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина, Максим Бедарев, Әлішер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев.

Бас бапкер – Сергей Колос.

Жалпы чемпионатқа 40 мемлекеттен 500-ден астам мерген қатысады. Жарысты Халықаралық нысана көздеу федерациясы тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары осы жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар