Бүгін негізгі ҰБТ-ға өтініш беруге мүмкіндік бар
АСТАНА. KAZINFORM – Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру мерзімі ұзартылды. Бүгін сағат 10.00-де тестілеуге тіркелу базасы ашылды. Өтініш сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

«Өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған қолжетімді орындарға ғана тіркеледі. 2 рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болады. Мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар. Сәттілік!» - деп жазды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram каналында.
Айта кетейік, 16 мамыр күні еліміздің 14 аймағында негізгі ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған өңірлерде ҰБТ 25 мамыр күні басталады.
Алтынбек Әмит