06:10, 10 Сәуір 2025 | GMT +5
Республиканың басым бөлігінде жауын жауады
АСТАНА. KAZIFORM - «Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 10-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның хабарлауынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде елдің батысында, шығысында жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың орталығында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, елдің оңтүстігінде, шығысында дауыл тұрады.
Осыған дейін Ақтөбеде жылу маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды.
Ақтөбе қаласында жылу 20 сәуірден бастап сөндіріледі. Алдымен тұрғын үйлерден басталады.