Бүгін «Семей» Чемпиондар лигасы 1/8 финалында «Атлетикпен» ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 24 қарашада футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 финалында қазақстандық «Семей» клубы алғашқы ойынын Украинаның «Атлетик» клубына қарсы өткізеді.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 22:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Семейлік ұжым негізгі кезеңде А тобында Испанияның «Барселона» клубына (1:6) жеңілсе, Словакияның «Лученец» (6:0), Швейцарияның «Минерва» (5:1) клубтарын қапы қалдырды.
Ал украиналық клуб негізгі кезеңінде В тобында аустриялық «Грац» (3:1) және сербиялық«Лозница» (3:2) клубтарын жеңсе, чехиялық «Хруди» (3:3) клубымен тең түсті.
«Семей» футзал клубы 2023 жылы құрылған. Қазіргі дейін 2023/2024 жылғы ел чемпионы атанса, екі мәрте Қазақстан кубогын төбесіне көтерді.
Биыл үшінші мәрте UEFA Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатыр. 2024/2025 эылғы маусымда жарысты негізгі кезеңдае аяқтаса, 2025/2026 жылғы маусымда ¼ финалға дейін жетті.
«Семей» командасының құрамы
Қақпашылар:
№ 2 Жайме Кнейсс. № 22 Игита
Алаңдағы ойыншылар № 11 Біржан Оразов, № 13 Рассул Карбаев, № № 14 Әбдірасул Әбдіманапұлы, № 88 Кайо Торрес, № 7 Дедезиньо, № 8 Нұрсұлтан Пиялы, № 10 Шыңғыс Есенаманов, № 17 Педриньо, № 18 Фернан, № 20 Габриэл Кандидо, № 21 Дәурен Тұрсағұлов, № 70 Эднардо Араужо Де Оливейра Гомес.
Еске салсақ, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 финалында сырт алаңда Польшаның «Пяст» командасына 0:2 есебімен жол берді.
Алматылық клуб UEFA Чемпиондар лигасы А жолының негізгі кезеңінде Латвияның «Бейтар» клубын 5:3 есебімен жеңсе, Бельгияның «Андерлехт» клубына 3:8 есебімен жол берді.