Бүгін солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын болуы ықтимал - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 7-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

бұрқасын
Фото: pixabay.com

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады, қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар жауады. Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында жоғары атмосфералық қысым аймағының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын болуы ықтимал.

Осыған дейін еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар