Бүгін тоғыз қалада метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

АСТАНА. KAZINFORM -  25 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Бүгін тоғыз қалада метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
Фото: Kazinform

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Теміртау, Өскемен, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Астанада ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар
Референдум