Бүгін түнде салық төлеушілер кабинеті уақытша жұмыс істемейді – комитет

Бүгін түнгі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ виртуалдандыруында «Салық төлеушінің кабинеті» АЖ уақытша жұмыс істемейді – комитет
Фото: ortcom.kz

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бүгін түнгі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ виртуалдандыруда техникалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді. Осыған байланысты «Салық төлеушінің кабинеті» АЖ уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Kazinform.  

«2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 21:00-ден бастап 23:00-ге дейін Астана қаласының уақыты бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ виртуалдандыруда техникалық жұмыстар жүргізетінін сіздің назарыңызға жеткізеді. Осыған байланысты, көрсетілген уақытта «Салық төлеушінің кабинеті» АЖ қолжетімді болмайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар