Бүгін Ұлытау облысында 2 градусқа дейін аяз болады

Жауын-шашын, көктайғақ: 21 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 26 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де Оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ түседі, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — деп жазды ведомстводан.

Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталығында, шығысында, батысында өрт қаупі жоғары болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
telegram