Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

ауа сапасы
Фото: Pixabay

19 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 19 желтоқсан, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Өскемен, Риддер қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар
telegram