Бүгін жеті қалада метеожағдай жайсыз болады

АСТАНА. KAZINFORM  Бүгін, 23 наурызда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бүгін жеті қалада метеожағдай жайсыз болады
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек Астана, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар