Бүгін Жетісу мен Маңғыстау облыстарында қалың қар жауады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет ел аумағында 4 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

погода, снег, люди
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Дерекке қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар күтіледі,

- ҚР батысында жауын-шашын, жаңбыр мен қар түседі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта желдің күшеюі күтіледі, - делінген болжамда.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында қалың қар жауады.

Айта кетейік, Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар