Бүгінгі доллар бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Бүгінгі доллар бағамы қандай
Фото: Kazinform/ЖИ

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 452,00 теңгеден сатып алынады, 458,98 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 495,00 теңге, сату — 505,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,25 теңге, сату — 5,45 теңге;
— юань 67,74 теңгеден сатып алынады, 71,67 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 452,89 теңге, сату — 455,29 теңге;
— еуро: сатып алу — 498,07 теңге, сату — 502,69 теңге;
— рубль 5,24 — 5,37 теңге аралығында саудаланады.
— юань 67,30 — 69,82 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 5,87 теңгеге өсіп, 455,00 теңге болды.