09:25, 12 Қаңтар 2024 | GMT +5
Бүгінгі доллар бағамы қандай
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 452– 456 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452,5 – 455,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 452 – 456 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 12 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 453,12 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,10 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,95 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,97 - 5,12 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 11 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,58 теңгеге төмендеп, 452,85 теңге болған.