Бүгінгі доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 445 теңгеден сатып алынады, 452 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 508 теңге, сату — 518 теңге;
— рубль: сатып алу — 5 теңге, сату — 5,2 теңге;
— юань 68 теңгеден сатып алынады, 71 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 444,5 теңге, сату — 447,5 теңге;
— еуро: сатып алу — 509 теңге, сату — 515 теңге;
— рубль 4,97 — 5,11 теңге аралығында саудаланады.
— юань 66 — 69,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 20 қыркүйекте доллар қаншадан саудаланып жатқаны хабарланды.