Бүгінгі саммиттен 33 елден келген 150 БАҚ өкілі ақпарат таратып жатыр

БАҚ
Фото: facebook.com/Берік Уәли

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші саммитінен 33 мемлекеттен келген 150 шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі ақпарат таратып жатыр. Бұл жайында Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

Олардың арасында Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, БАӘ, Түркия, Түрікменстан, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Германия, Франция, Сербия, АҚШ, Малайзия, Испания, Норвегия, Чехия, Оңтүстік Корея, Йемен, Мысыр, Иордании, Ливан, Канада және Сингапур елдерінің журналистері бар.

«Әріптестеріміздің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін 3 баспасөз орталығы Тәуелсіздік сарайында, Бейбітшілік және келісім сарайында және Ұлттық музейде жасақталған. Бүгінгі маңызды халықаралық іс-шараға 200-ге жуық отандық журналист тіркелді. Атап айтқанда, 13 телеарнадан, 28 интернет ресурстан, 6 басылымнан келген әріптестеріміз саммиттен ақпарат таратып отыр»,-деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында. 

Соңғы жаңалықтар
telegram