Бүгіннен бастап елшіліктер мен консулдықтар арқылы шетелдіктерге ЖСН беріле бастайды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі 18 сәуірден бастап шетелдік азаматтар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін ресімдеуге және оның нәтижелерін беруге өтініштерді қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны қайта бастайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі хабарлады.

Бекітілген жаңа алгоритмге сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы ЖСН келесі тұлғаларға ресімделеді:
- әлеуетті инвесторларға;
- тауарларды таңбалау және қадағалау шеңберінде тауарлар айналымына қатысушыларға;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының жұбайы болып табылатын шетел азаматтарына (азаматтық хал актілерін АХАЖ АЖ тіркеу туралы белгі қою үшін);
- ата-анасының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шетел мемлекетінің балаларына (16 жасқа дейін);
- мұраны қабылдауды жүзеге асыратын шетел азаматтарына;
- Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушыларына;
- мүгедектігі бар шетел азаматтарына;
- 65 жастан бастап шетел азаматтарына;
- өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) өндірушілері мен тіркеушілеріне;
- Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары болып табылатын шетел азаматтарына.
Қазақстанның шетелдік мекемелерінде ЖСН ала алатындар қатарына Қазақстан азаматтарының жұбайы болатын шетел азаматтары (АХАТ ақпараттық жүйесінде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы белгі қою үшін), ата-анасының бірі Қазақстан азаматы болған жағдайда, 16 жасқа толмаған шетелдік балалар, Қазақстанда мұрагерлік құқығын иеленетін шетел азаматтары жатады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне немесе министрлікке жеке өзі жүгінеді. Қажет болатын құжаттар туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы өтіп біле аласыздар.
Айта кетелік пилоттық жобаға 100 елшілік пен консулдық қатысатыны туралы жазған едік.