Бүгіннен бастап «Орал – Маңғыстау» жолаушылар пойызы қатынай бастады

Бүгіннен бастап «Орал – Маңғыстау» жолаушылар пойызы қатынай бастады
Фото: Өңірлік коммуникация орталығы

Бүгін жаңа бағыттағы жолаушылар пойызы Маңғыстау вокзалына келді, деп хабарлайды Kazinform.

Пойыз құрамында 8 вагон бар. Пойыз Маңғыстаудан Оралға айдың жұп күндерінде жүреді. Маңғыстау станциясына пойыз Астана уақыты бойынша 14:49-да келіп, жергілікті уақыт бойынша 21:05-те кетеді. Жол жүру уақыты -35 сағат 47 минут. Билет құны 8000 теңгеден басталады.

«Бұл – Батыс Қазақстан мен Маңғыстауды байланыстыратын пойыз. 8 вагоны бар. Вагондар Қытайда жасалған. Бұрын ол Ақтөбе арқылы жүрді, ал жолаушылар Ақтөбе-Орал бағыты бойынша пойызға отыруға мәжбүр болды. Бұлар тікелей жүреді. Барлығы халық үшін жасалған. Өздеріңіз білетіндей, жазда жолаушылар ағыны артады, бұл бағыт жүктемені сәл жеңілдетеді. Енді адамдар Оралға бір жарым күнде жете алады. Сонымен қатар мүмкіндігінше көбірек вагондар қосылады», - деді Маңғыстау жолаушылар тасымалы учаскесінің бастығы Қалиолла Сағиев

Жаңа маршрут жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз тасымалды ұйымдастырмақ. 

Орал
Фото: Өңірлік коммуникация орталығы

 

Соңғы жаңалықтар