Бухарест қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланды
Салтанатты қабылдауға 200-ден астам адам қатысты. Жиналған құрметті меймандар ішінде Үкімет мүшелері, Румыния Парламенті Сенаты және Депутаттар палатасының депутаттары, Сыртқы саяси ведомствосының басшылығы және министрлік пен мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Жиында дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, іскер және академиялық топтардың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері Қазақстанға деген құрметін көрсетті.
ҚР Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев өз сөзінде Астана мен Бухарест арасындағы екіжақты қатынастардың серпінді дамуын, түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастық артып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол» - Жаңа экономикалық саясаты туралы және «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы туралы айтты.
Румынияның Сыртқы істер министрі Богдан Ауреску мемлекеттердің екіжақты қатынастарындағы даму қарқыны мен экономикалық байланыстардың одан да арта түсуіне тоқталды.
«Қазақстан - Румынияның Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық әріптесі. Қазіргі таңда, екі ел арасындағы тығыз байланыс және де ресми Бухарест Қазақстанмен сауда қатынасын ұлғайтуға аса ынталы», - деді Б.Ауреску. Ұлттық мерекеге орай ҚР Елшілігі мерекелік концерт ұйымдастырып, шақырылған қонақтар белгілі күйші Айгүл Үлкенбаеваның және Самат Қарабалаевтың орындауындағы ұлттық музыкамен танысты. Жиында Қазақстан туралы кітаптар таратылып, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның дамуы туралы бейнесюжет көрсетілді.