Бухарест қаласында қоқыс жәшіктерін бағанаға іліп қойды
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Румыния астанасында қоқыс салатын жәшіктер 2 метрлік биіктіктегі бағаналарға орналастырылды.
Бұл қалалықтарды ашуландырғаны соншалықты, олар қала әкімшілігі қандай да бір шара қолдану үшін жәшіктер бейнеленген суретті жергілікті телеарнаға жолдапты.
BNews.kz ақпараты бойынша, тым биіктікке орналастырылған қоқыс жәшіктері тұрғындар үшін қолайсыздық тудырады. Халықтың шағымына қарағанда, енді олар қоқысты жәшікке баскетбол дөңгелегіне лақтырғандай тастайтын көрінеді.