10:54, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
Бухарест перзентханасындағы жарылыста нәрестелер қаза тапты
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Румыния астанасы Бухарест қаласындағы перзентханада қайғылы оқиға болды.

Перзентханада жарылыс орын алып, соның салдарынан бірнеше нәресте қаза тапты, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Румыния Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Раэд Арафатқа сілтеме жасай отырып Associated Press агенттігінің хабарлауынша, төтенше оқиға салдарынан үш сәби көз жұмды. Алайда құрбандар санының артуы да мүмкін. Тағы да 8 жаңа туылған сәби мен аяғы ауыр екі әйелді әртүрлі деңгейде күйік шалған.
Зардап шеккендердің барлығы жедел түрде Жулешть перзентханасынан басқа қалалық ауруханаларға жеткізілді.
Неден болғанын тергеу амалдары анықтайтын жарылыс перзентхананың екінші қабатында болған. Жарылыстан кейін өртке ұласқан.
Румыния полициясы тексеруді бастады.