Бухаресте Николае Чаушеску мен оның әйелінің қорымына эксгумация жасалды
АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Румынияның бұрынғы диктаторы Николае Чаушеску мен әйелінің денелерінің солардікі екендігін анықтау үшін, Бухарестің Генше зиратына көмілген мүрделер қайта қазылып алынды, деп хабарлайды Вести.Ру.
Эксгумация бұрынғы диктатордың отбасы мүшелерінің өтініші бойынша жасалып отыр, Чаушескудің қызы Зоя Мирче Опранның күйеуі бүгін румын теледидарына берген сұхбатында «қабірдегі денелердің аттары аталған адамдардікі екендігіне көз жеткізгіміз келеді», деп айтты. Денелер сараптаудан өткен соң, олар сол орындарына қайта жерленеді, деп хабарлайды агенттік.
Николае Чаушеску 1965 жылдан 1989 жылға дейін ел басқарды. 1989 жылдың желтоқсанындағы бұқаралық жаппай ереуілден соң ол, әйелі екеуі елден қашқанымен, көп ұзамай қолға түскен оларды бұрынғы серіктестері жедел соттан кейін оларды ату жазасына кесті.
Биліктің мәліметі бойынша, олардың денесі румын астанасының шетіндегі Генше аталатын әскери зиратқа жерленген. Алайда, Бухарестің зират әкімшілігі Николае Чаушеску мен Елена Чаушескудің жерленген орыны туралы ешқандай құжаттың жоқ екендігін бірнеше рет айтқан.