07:47, 31 Қазан 2015 | GMT +5
Бухарестегі жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 200-ге жуықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бухаресте Colectivу түнгі клубындағы жарылыстан болған өрт салдарынан зардап шеккендер саны 200-ге жуықтады, деп хабарлады журналистерге Румынияның ішкі істер министрі Габриел Опря.
Бұдан бұрын өрт кезінде 80-нен астам адамның зардап шеккені туралы жазылған еді, деп жазады РИА «Новости». Оқиға кезінде клубта 300-400 аралығында адам болған.
Өрт шығу себебі Goodbye to Gravity тобының өнер көрсетуі барысында қолданылған отшашу болуы мүмкін.
Елдің ІІМ-нің хабарлауынша, жараланғандар көп. Қазіргі кезде 180 адамның жапа шеккені анықталды. Олар Бухарестің аудандық ауруханаларына жеткізілді. 26 адам көз жұмды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.