Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бұқа фермерді таптап өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ленинград облысында тергеушілер 55 жастағы фермер өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.

Бұқа фермерді таптап өлтірді

- Алдын ала ақпарат бойынша, 2016 жылы 25 шілдеде күндіз Ленинград облысы Тихвинский ауданындағы шаруа қожалықтары бірінің аумағында  жайылып жүрген бұқа осы шаруашылық иесіне шабуыл жасаған. Жапа шегушіні жерге құлатқан бұқа иесінің кеуде тұсына, басына зақым келтірді, - деп хабарлады РФ ТК өңірлік басқармасынан.

Алынған жарақаттар салдарынан фермер оқиға орнында қаза тапты. Бұқаны ажал құшқан адамның ұлы мылтықпен атып өлтірді, деп жазды life.ru.