Бұқар Жырау ауданының мұражайы Қарағандыға 200-ден астам жәдігер алып келді

   АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 шілдеге дейін қарағандылықтар мен қала қонақтары облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Көненің көзі - музейде» атты көрмені тамашалау мүмкіндігіне ие болады. 

Бұқар Жырау ауданының мұражайы Қарағандыға 200-ден астам жәдігер алып келді

«Көненің көзі - музейде» көрмесінде өз өлкесіне қомақты үлесін қосқан Бұқар Жырау ауданының тумалары, жазушылар, ғалымдар туралы және бұл жердің тарихы мен көрікті жерлері туралы баяндайтын 200-ден астам жәдігерлер ұсынылған, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты . 

null 

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жетекшісі Ержан Нұрмағамбетовтың айтуынша, «Мұражайлар аптасы» ақпараттық-ағартушылық ауқымды жоба көрмеге келушілерді өңір  тарихымен таныстырады. 
- Қазір жаз, оқушылар демалыста, бізге бұл көрмелерге көптеп балалар келеді. Біз үшін ол өте маңызды. Себебі балалар біздің болашағымыз, олар өз өлкесінің, туған жерінің тарихын білулері керек, - дейді Мұражай директоры Ержан Нұрланұлы. 

null

Естеріңізге, сала кетейік, 22 маусымнан бастап «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 85 жылдығына орай «Қарағанды облысының мұражайлар аптасы» жобасы басталған болатын. Экспозициялар үш ай аралығында бір бірін алмастырып отырады. Қарағандылықтар және қала қонақтары бірегей жәдігерлер арқылы өз өлкесінің тарихымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Бұқар Жырау ауданы мұражайының көрмесінен соң, 10 шілдеден бастап өз экспонаттарын Жезқазған тарихи-археологиялық мұражай алып келеді.

null null null null 

«Мұражайлар аптасы» көрмелеріне кіру тегін.