Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдағы өзгертулер - маңызды қадам ? ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атына ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Миклош Харастиден хат келіп түсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Маған «Қазақстан Республикасының БАҚ мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылдануын білу сүйінішті болды. Мен және кеңседегі әріптестерім осы өзгерістер бойынша лауазымды тұлғалармен ынтымақтасуға қуаныштымыз. Мен сондай-ақ заң жобасын талқылау үдерісіне азаматтық қоғам өкілдерін тартуларыңызды құптаймын», - делінген хатта.М.Харасти электрондық және баспа БАҚ-тарын тіркеу үдерістерін оңайлату, БАҚ-ты дәлелдер ұсыну міндетін босату, диффамация жағдайында баспа өнімдерін тәркілеуді алып тастау, ақпарат ұсыну туралы өткініштен бас тартқан жағдайда сотқа тікелей шағым беру, журналистердің сұхбат кезінде аудио және бейнежазбалар қолдануына рұқсат берілуі БАҚ туралы Заңдағы неғұрлым маңызды өзгерістер деп санайды. «Қазақстанның БАҚ туралы заңнамаларды реяформалауда қолға алып отырған күш жігері маңызды қадам деп санаймын», - деп атап өтті өзінің хатында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандықтары мәселелері жөніндегі өкілі.
Соңғы жаңалықтар