Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығын аралады

None
None
АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат -  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырған баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы министрліктің баспасз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасына кіретін ерекше орындардың бірі. Қоқиқаз, бұйра бірқазан және басқа да құстардың 330 түрі мекен ететін қорық сирек кездесетін сулы-батпақты жерлерді сақтау мақсатында 1968 жылы құрылған. Сондай-ақ, мұнда өсімдіктер мен жануарлардың 300-ден астам түрі бар. Қорғалжын қорығының аумағы 284 204 гектарды құрайды.

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының нысандарына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен ұйымдастырылған пресс-тур барысында журналистер қорықтың қайталанбас табиғатымен танысып, бұрынырақ теңізді құраған Қорғалжын және Теңіз көлдерін қарап шықты. 

Іс-шара барысында вице-министр Мүсілім Өмірияев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың атынан БАҚ өкілдерін кәсіби төл мерекесімен құттықтап, журналистерді құрмет грамотасымен марапаттай отырып, құнды сыйлықтар тарту етті.

Соңғы жаңалықтар