15:27, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Бұқаралық шерулерден кейін Үрімшідегі жағдай тұрақтанып келеді
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы - Үрімші қаласындағы жағдай, биліктен қаладағы «ине шабуылдарынан» қорғауды талап еткен қала тұрғындарының шеруінен кейін, біртіндеп қалпына келуде.
Бұл туралы бүгін «Синхуа» агенттігі хабарлады.
Тәртіп сақшылары жағдайды бақылауға алып отыр. Полиция қаланың орталығын патрульдік машиналармен қоршады, шерулер болған кейбір көшелерде көлік қозғалыстарына шектеу енгізілді. Кейбір мәліметтер бойынша, өкімет адамдар бір-біріне жаңа толқуларға шақырған үндеу тастайды деген қауіппен, sms-хабарлар қызметін өшіріп тастап отыр.
Шерулер бейсенбі күні түске дейін басталған болатын. Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары 10 мыңнан астам адамның қала көшелеріне шығып, өкіметтен, соңғы бірнеше апта бойы Үрімші тұрғындарын инъекция инелерімен шабуылдаған қылмыскерлерді жазаға тартуды талап еткен.