Букер сыйлығының лауреаты анықталды

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат - Биылғы жылғы Букер сыйлығы британдық жазушы Говард Якобсонге тағайындалды.

Букер сыйлығының  лауреаты анықталды

Guardian басылымының жазуынша, қазылар алқасының басым даусымен жазушының «Финклердің мәселесі» романы үздік деп танылды.

Бұл Якобсонның мансабындағы он бірінші үлкен туынды. «Финклердің мәселесі» романы - Букер сыйлығының тарихында осы наградаға ие болып отырған алғашқы комедиялық туынды.

Лауреатты 50 мың фунт стерлинг (80 мыңдай доллар) ақшалай сыйлық күтіп тұр.